Жаңа жылда жаңа мектеп

Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келген ауданымыздағы тағы бір жағымды жаңалық деп Еңбекшіл ауылындағы су жаңа 80 орындық мектеп ғимаратының қолданысқа берілуін айта аламыз.

e

Осыдан тура 28 жыл бұрын облыс орталығынан 51 шақырым жерде орналасқан аядай ауылда ең алғаш 50 орындық мектеп ашылған болса, араға ширек ғасыр салып қасиетті қара шаңырақ саналатын білім ордасы жаңа ғимаратқа қоныстанып жатыр.

b

Салтанатты шараның алғашқы құттықтау сөзін алған аудан әкімі Ж.Бахуұлы:

-Елдің игілігі үшін еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеуде заман талабына сай білім ордасымен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі. Сондықтан, адам баласының алғашқы сауатын ашып, үлкен өмірге қадам бастыратын ыстық ұя мектептің көбейгені біз үшін үлкен қуаныш,-деді өз сөзінде.

enbekshil

enbekshil2

15ayyl2

Аудан әкімдігінің тапсырысымен мердігер мекеме «Сұңқар Құрылыс ЛТД» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізген жаңа мектептің асханасы, спорт залы, медпункті, тіпті, технология сыныптары да соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталып, іске қосылған.

15ayyl

15ayyl1

Бүгінгі таңда бас-аяғы 40 бала білім алып, 16 мұғалім еңбек етіп жатырған Еңбекшіл негізгі мектебінің іші енді білімге құштар зейінді оқушылармен толса дейміз.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521