Жайықты сақтау – халықты сақтаумен бірдей

Күн жылынып, жер аяғы кеңісімен жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша республика, оның ішінде облыс пен аудандарда, ауылдық елді мекендерде тазалық айлығы басталып кетті. Екі айға созылатын науқан алдында көптеген жұмыстар күтіп тұр.

Үсітіміздегі жылдың 6 наурызында аудан әкімі Ж.Ахметовтың «Аудан елді мекендерінің санитарлық жай-күйі мен көріктендірілуі және сумен жабдықтау объектілерінің жазғы-қысқы маусымға дайындығы байқауын өткізу туралы» №36 қаулысына және аудан бойынша 2019 жылғы көктемгі-күзгі санитарлық тазалық, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізудің іс-шаралар жоспарына сәйкес наурыз айының 15-інен барлық ауылдарда сенбілік басталды.

Ауданымызда сенбіліктің үшінші аптасы Жайық жағалауын лас-қоқыстардан тазарту жұмыстарымен жалғасын тапты. Бекітілген жоспарға сәйкес Северный мөлтек ауданынан басталған тазалық жұмыстары Бекқали талы аймағы, жаңадан салынған көпірге дейін жүргізілді. Сенбілікке аудандағы 64 мекеме-ұжымдардан 600-ге жуық адам атсалысты. Тазалық айлығы басталғаннан бері Махамбет ауылдық окургінің 12600 шаршы метр аумағы және 5 құдық, сонымен қатар қоқыс төгетін 8 шұңқыр тазартылып, 12 үй мен ғимарат иелері әктеу жұмыстарын жүргізді. «Тұрмыс-Қызмет» ЖШС-інің тіркемесі бар және күрейтін тракторы, УАЗ автокөлігі мен ЖК «Гумаровтың» сенімгерлігіндегі КаМАЗ автокөлігі барлығы 4 техника жұмылдырылып, күні бүгінге дейін 18 тонна қоқыс шығарылып отыр. Сондай-ақ, көше кезген 39 бұралқы ит пен 1 мысықтың көзі жойылып, 3 ауыл тұрғынына ескерту берілді. Ал ескертуден соң нәтиже шығармағандарға заңға сәйкес тиісті мөлшерде айыппұл салынады.

Тазалық табалдырықтан басталады демекші, әр адам тазалықты өз жеке басынан, өмір сүру салтынан, үйінен, ауласы мен өмір сүріп жатқан аймағынан бастау керек.

Б.Сапарова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521