Жаңа жобаны талқылады

Жастар ресурстық орталығында тұңғыш рет «KITAP-MYLOVE» жобасы өтті.

Бұл кештің өтуіне тікелей атсалысқан, оның ұйымдастырушысы белсенді жас Әсембек Каримұлы. Ой-өрісті кеңейтіп, рухани баюға септігін тигізетін мазмұнды кешке , 30-дан астам ауданның белсенді жастары қатысты.

Жоба авторы, атыраулық түрлі жобаларды ұйымдастырып жүрген «Жас өрен» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Аслан Аманжолов. Жобаның мақсаты кітап оқу арқылы ой-өрісті кеңейту екеніне тоқталды. Ал кеш қонағы панкратионнан және пауэрлифтингтен әлем чемпионы Алексей Ишин өзінің жетістіктерге жету жолы туралы әңгімелеп, замандастарын әлеуметтік желіге көп байлана бермей, кітап оқуға шақырды.

Аудан жастарымен жан-жақты еркін форматта сөйлескен даңқты спортшы өз ойын ашық айтып, жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Елбасының «Рухани жаңғыру» аясында өткен «kitap-mylove» жобасы қоғам белсенділерімен тығыз қарым-қатынас орнату мүмкіндігі мен мотивациялық кеңестер беруді көздейді. Алдағы уақытта жобаны кең көлемде өткізу жоспарланып отыр.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521