Жұмыс жоспары бекітілді

Аудандық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының төрағасы М.Мырзашев отырысқа төрағалық жасады.

Мемлекеттік орган өкілдері конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың ұсыныстары және азаматтардың өзін-өзі ұсыну заңдылықтарына сәйкес, аудандық қоғамдық кеңестің құрамына ұсынылған кандидаттардың құжаттары жинақталып, сараланды, қоғамдық кеңес құрамының саны 11 мүше болып айқындалды, олардың 3-уі мемлекеттік қызметкерлер, 3-уі қоғамдық ұйымдар өкілдері, 5-уі өзін-өзі ұсынғандар.

Бұдан әрі хабарламашы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында жаңадан қалыптасқан қоғамдық кеңес құрамының бекітілгенін айтып өтті. Осы отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер жеке-жеке дауысқа салынды.

Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланғаннан кейін көпшіліктің ұсынысымен аудандық қоғамдық кеңес шешіміне сай аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы болып, Жайлашев Самат Нұрединұлы, хатшысына Дәулетов Ибатулла Құрметұлы сайланды. Сондай-ақ, аудандық қоғамдық кеңестің төралқа, комиссиялар құрамы, аудандық қоғамдық кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Н.ТЕЛЬМАН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521