«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Аудандық пробация қызметі бөлімшесі ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, ақпан айының 28-і мен 6-шы наурыз айы аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталған тұлғалар тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау, жазаны өтеуден жасырынған тұлғаларды іздестіру және олардың алдын алу болып табылады.

Қазіргі уақытта Махамбет аудандық пробация қызметі бөлімшесінің (бұдан әрі - ПҚБ) есебінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған 42 адам бар. Оның ішінде ҚР ҚК-нің 44 бабы бойынша бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандар – 17, ҚР ҚК-нің 63 бабы бойынша шартты түрде сотталғандар – 10, ҚР ҚК-нің 50 бабы бойынша белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдану құқығынан айыруға сотталған – 12 адам, ҚР ҚК-нің 74 бабы бойынша жаза өтеуі кейінге қалдырылған сотталған – 3 әйел адам есепте тұр.

Осыған байланысты «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ПҚБ қызметкерлері аудандық жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды кешкі және түнгі уақыт аралығында мекенжайларына тексеріс жүргізілді. Сонымен қатар ПҚБ-нің есебінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандардың ҚР аумағынан тысқары шығып кетуі, рұқсатсыз тұрғылықты жерін тастап, әкімшілік құқық пен қылмыстық құқық бұзушылық жасау және т.б. жаза өтеу шарттары мен тәртібін бұзу фактілері ҚР ІІМ-нің «Web-интерфейс» дерек базасы мен ҚР БП ҚСжАЕАЖК «Ақпараттық қызмет» АА жүйелері арқылы тексерілді.

Жоғарыда аталған жедел іс-шара тіркеудегі сотталғандарды қатаң бақылауға алып, қайта қылмыс жасауға жол бермеу, сотталғандарды түзу жолға бағыттайды.

Н.ТАШЕКЕНОВА,

аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы, әділет майоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521