Тауар белгісі заңмен қорғалады

Еліміз тәуелсіздігін алған жылдар ішінде «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар», «Патенттік», «Тауар таңбалары туралы», т.б заңдар өмірге келді.

Елімізде Ұлттық патенттік мекеме мемлекеттік авторлық және шектес құқықтар жөніндегі агенттіктің құрылуы зияткерлік меншік нысандарына құқықтарды қорғаудың ұлттық жүйесінің негізін қалады. Заңға сай кез келген өнімді автордың рұқсатынсыз ғаламторға салуға, пайдалануға тыйым салынған. Ол үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

Интеллектуалдық меншiк - азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерiне және оларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзi орындайтын жұмысының немесе қызметiнiң өнiмдерiне (фирмалық атау, тауар белгiсi, қызмет көрсету белгiсi және т.б.) ерекше құқығы болып танылады.

Демек, зияткерлік меншік объектісі шығармашылық және зияткерлік қызметтің нәтижесі болып табылады, ол құқықтық қорғаумен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасының Заңы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» (әрі-қарай – Заң) 4-баптың 4-тармағына сәйкес, тауар белгісінің иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар белгісін пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды.

Н.КҮЗЕМБАЕВ,

аудандық Әділет басқармасының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521