Табысты қызметтің 20 жылдық тәжирибесі

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының XXVIII конференциясының жұмысы еліміздің Әнұранымен ашылды. Конференцияның күн тәртібіне сәйкес, «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы: жасампаздық пен әлеуметтік даму кезеңі» деген тақырыптағы филиал төрағасы Ж.Ахметовтің баяндамасы тыңдалды.

- Осыған дейін Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын алға тарта отырып, Мемлекет басшысы халыққа алдағы жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың нақты бағдарламасын ұсынды,-деді сөзін одан әрі сабақтаған Жәрдемғали Бахуұлы. Партияның негізін қалаушы – Елбасы саясатының арқасында Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан қолайлы қоғам мен демократиялық мемлекет құрды. Жиырма жыл ішінде ел халқының саны 3,5 миллионнан астам адамға көбейді – бүгінде елімізде 18 миллионнан астам адам бар. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 65,5-тен 73 жасқа дейін өсті.Біз азаматтарымыздың табысын 19 есеге арттырдық. Орташа айлық жалақы мен зейнетақы төлемінің мөлшері 13 есе өсті. 20 жыл ішінде 118 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Қазақстан экономикасы осы жылдар ішінде 26 есеге, жан басына шаққандағы ЖІӨ – 22 есеге өсті. Бір сәт шегініс жасап, партиямыздың 20 жылдық тарихының кейбір беттеріне көз жүгіртсек, 1999 жылдың 1 наурызында «Отан» партиясы болып, құрылған біздің партиямыздың 2002 жылдың 9 қарашасы күні Алматы қаласында өткен кезектен тыс IV съезінде «Отан» республикалық саяси партиясына Қазақстанның халықтық - кооперативтік партиясы мен Республикалық еңбек партиясының қосылуы туралы қаулы қабылданды. Ал 2006 жылы 4 шілдеде Астана қаласында «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс IX сьезі өтіп, оған «Отан» РСП-ға «Асар» партиясының қосылуы туралы шешім қабылданса, осы жылдың 22 желтоқсанында өткен партияның кезектен тыс Х съезінде «Отанның» Азаматтық және Аграрлық партияларымен біріккені жарияланды. Осы Х съезде басым дауыспен Қазақстанның жетекші саяси күшінің атауын «Нұр Отан» халықтық – демократиялық партиясы деп өзгерту туралы шешім қабылданды. 2013 жылы 18 қазанда «Нұр Отан» халықтық – демократиялық партиясының атауы «Нұр Отан» партия- сы болып өзгертілді. -Бүгінде еліміздегі үлкен саяси күшке айналған партияның белсенді мүшелерінің саны 1 млн-ға жуық адамды құрайды. Партияның 17 өңірлік және 247 аумақтық филиалы жұмыс істейді. БПҰ-ның саны 6 мың – бұл Қазақстанның әрбір ауыл – ауданында өздерінің бастапқы ұйымдары бар елдің жалғыз партиясы. Партияны ел халқының көпшілігі қолдайды – 2016 жылғы парламенттік сайлауда халықтың 82%-ы «Нұр Отан» үшін дауыс берді. «Нұр Отан» Қазақстанның стратегиялық бағытын жүзеге асыру төңірегінде халықтың бірігуінің өзегі болды.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев- тың «Қазақстандықтардың әл-ауқаты- ның өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы ел өміріндегі басты жаңалық болды,-деді Елбасы алға қойған тапсырмаларды орындауда ауданда атқарылған жұмыстар жөнінде қысқаша баяндаған аудан әкімінің орынбасары М.Сейтқалиев. Оның айтуынша, өткен жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінде оң өсім сақталған. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,3 млрд. теңгені, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 10,6 млрд.теңгені, негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 12,8 млрд. теңгені құраған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде және кәсіпкерлерді жан-жақты қолдаудың арқасында жаңа жұмыс орындары ашылған. Есепті кезеңде ауданда 1252 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 608 тұрақты. Уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелген 1624 адамның 1473-і тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды. 4 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 164 адам жұмысқа орналасты. Жұмыссыздық деңгейі 2,1% құрады.

Н.ЕРҒАЛИЕВ.

Мақаланың толық нұсқасын «Жайық шұғыласы» газетінің №6 (6371) 7 ақпандағы санынан оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521