Тұрғындар сауалдарына жауап алды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ КЕ Атырау облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы филиалының Махамбет аудандық бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» жәрмеңкесі өтті.

Оған халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін 10 мекеме қатысты. Атап айтсақ, экономика және қаржы, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және туризм, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ветеринария, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі бөлімдері, жұмыспен қамту орталығының мамандары жәрмеңкеге қатысып, келушілерге аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы айтып, құнды ақпараттар ұсынды. Сонымен қатар сала мамандары мемлекеттік қызметтермен қатар электронды мемлекеттік қызметтер туралы, қызмет көрсету бағытында тұрғындарды толғандыратын сұрақтарға жауап бергенін айта кеткен абзал.

А.Текебай.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521