«Сыбаға» бағдарламасының берері мол

2019 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау филиалы арқылы Махамбет ауданында 64 кәсіпкер 519,0 млн теңге шағын несие алып, өз кәсіптерін өркендетіп отыр.

Оның ішінде «Сыбаға» бағдарламасымен 13 адам 338, 5 млн теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Жалпы бұл «Сыбаға» бағдарламасымен берілетін шағын несие тек асыл тұқымды аналық ірі қара және ұсақ мүйізді малдарын алуға жұмсалады. Бүгінде 13 адамның бәрі «Сыбағамен» асыл тұқымды малдарын алып, өз кәсіптерін кеңейту үстінде.

Өткен жылы "Сыбаға" бағдарламасымен 10 адам -249,8 млн теңге несие алған болатын. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау филиалына шаруагерлер дән риза. Аудан шаруашылықтары мен шаруа қожалықтары жыл сайын «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ Атырау филиалы арқылы түрлі бағыттарда, мәселен, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бағыттарында шағын несиеге қол жеткізіп келеді.

Несие алушылар көлемі де жылдан-жылға өсе түсуде.

Ә.Сисенбаев,

аудандық кәсіпкерлік және

туризм бөлімінің әдіскері

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521