«Suńqar»: мезеттік төлемдер жүргізу жүйесі

Қазақстанда мобильдік телефон нөмірімен мезеттік төлемдер жүргізу жүйесі іске қосылды. 2018 жылғы қыркүйектен бері жүйе шектеулі тұлғалар арасында пилоттық режимде тестілеуден өтті.

«Suńqar» жүйесі қатысатын түрлі банктер клиенттері- нің арасында Қазақстан бойынша мезеттік төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте жеке тұлғалар арасында ақша аудару үшін қарапайым да қолайлы сәйкестендіруші –мобильдік телефон нөмірі пайдаланылады, оны кез келген ақы төлеу көзі –төлем карточкасына, ағымдағы банктік шотқа, электрондық әмиянға байланыстыру қажет.

«Suńqar»жүйесіндегі қызметтерді Қазақстан банктері өздерінің мобильдік қосымшалары немесе Интернет-банкинг жүйесі арқылы жүзеге асырады. Қазіргі уақытта мезеттік төлемдер жүйесі арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ) және «Еуразиялық Банк» АҚ қызмет көрсетеді. 2019 жылы 10-нан аса екінші деңгейдегі банк жүйеге қосылуды жос- парлап отыр. Жаңа қызмет осы банктердің мобильдік қосымшаларында және қашықтан қызмет көрсету жүйелерінде өздерінің ішкі жоспарына сәйкес ақпараттық жүйелерінің пысықталуына қарай пайда болады. Мезеттік төлемдер мен аударымдар бойынша клиенттерге арналған тариф саясатын банктер дербес айқындайды.

Айнұр БАҚЫТХАНҚЫЗЫ,

ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің бас маман-экономисі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521