Су аластау рәсімі

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша православтік дін өкілдерінің «Крещение господне» мерекесі ауданымызда биылғы жылы да жалғасын тапты.

Ауданымыздың тұрғындарының суға шомылу кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында аудандық «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» қызметкерлері 18 қантар мен 19 қантар күндері танертеңгі сағат 09 :00 дан кешкі 00:00 ге дейн кезекшілікте тұрды. Биылғы жылы су аластау рәсімі М.Шоқпаров көшесі тұсында крест бедерлі арнайы мұз ойығында өткізілді. Дін өкілдерінің түсінігінше, аласталған судың емдік қасиеті бар деп саналады. Бұл күндері христиандардын суға түсуге көптеп келетіні де сондықтан. Атаулы күнге орай жалпы 65 адам суға түссе, онын ішінде 56 ер адам, 4 әйел адам, 5 кәмелет жасына толмағандар болды, 20 адам үкіден су алды. Сонымен қатар мерекеге аудандық, ауылдық әкімдері, ІІБ- нен , аудандық емхана бөлімінен, ТЖБ-нен қызметкерлері қатысты. Аталған күні ешқандай төтенше жағдай тіркелмей, жоспарға сай өткізілді.

Б.Қыдыров,

Махамбет ауданының «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521