«Шахназ» емдік массаж кабинеті ашылды

2019 жылдың 9 желтоқсанында Махамбетте «Шахназ» емдік массаж кабинетінің ашылу салтанаты өтті.

Шараға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Махамбет филиалы директоры Б.Рахметов, "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әженов, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Д.Нагимов, Жалғансай ауылдық округі әкімі К.Садиков қатысты.

zhahnaz3

Массаж кабинетінің салтанатты түрде лента қию рәсімі жасалып, тұрғындар «жақсыны көрмекке» деп ішке кірді. «Шахназ» емдік массаж кабинетінің жетекшісі Маруся Ихсанова қолдау білдіргендерге алғысын жаудырды.

z

«Аруна» сауда үйінде орналасқан массаж кабинеті талапқа сай жабдықталыпты.

shahnaz

Жалпы мемлекеттік қолдау нәтижесінде жеке кәсіпкер М.Ихсанова 2019 жылдың маусымында массажды меңгерудің арнайы тегін курсын тәмамдап, кейін 505 теңге грант иегері атанған.

А.Текебай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521