ads_hero

Сауықтыру жәрдемақысы өндірілді

Талап қоюшы Т. сотқа талап арызбен жүгініп, онда ұжымдық шартта қарастырылған еңбек демалысына берілетін 2016-2018 жылдардағы сауықтыруға арналған жәрдемақыны мемлекеттік мекемеден өндіруді сұрады.

Іс материалдарынан тараптар арасында 2016-2018 жылдарға арналған ұжымдық шарт жасақталғаны, аталған шарт талаптарына сәйкес, еңбек демалысымен берілетін ай сайынғы лауазымдық еңбекақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленуі көзделгені анықталды.

Сот отырысында талап қоюшы өзінің талап қою арызын қолдап, осы жылдар аралығында еңбек демалысында болғанын, алайда сауықтыру үшін жәрдемақы төленбегенін көрсетті, ал жауапкер өкілі талап арызды ішінара мойындап, 2017-2018 жылдарға сауықтыру жәрдемақысын өндіруге қарсылығы жоқ екенін, ал 2016 жылға сауықтыру жәрдемақысын өндіру туралы талабын ескіру мерзімін қолдану жөнінде өтініш білдірді.

Істі сотта қарау барысында талап қоюшымен талап қою мерзімін өткізіп алғаны өз дәлелін тапты, өз кезегінде талап қоюшы талап қою мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алғанын растай алмады, ал бұл жағдай заңда көзделген тәртіппен соттың талаптан бас тарту туралы шешім шығаруына негіз бола алады.

Атырау облысы Махамбет аудандық сотының шешімімен талап қою арызы ішінара қанағаттандырылды. Талап қоюшының пайдасына мемлекеттік мекемеден 2017 жылға – 64 948 теңге, 2018 жылға – 46 543 теңге сауықтыру жәрдемақысы өндірілді, ал талаптың 2016 жылға сауықтыру жәрдемақысын өндіру туралы бөлігі қанағаттандырудан бас тартылды.

Super User

ads_hero