Салауатты балдырған "Жауқазында"

«Жауқазын» балабақшасының «Таңшолпан» тобында тәрбиешілер Қ.Даришева мен А.Бикешованың ұйымдастыруымен «Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен «Салауатты балдырған» спорттық-интелектуалдық сайысы өтті.

Шараның мақсаты – балаларды салауатты өмір салтын ұстауға баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру, әртүрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, икемділігі мен ептілігін, шапшаңдық қабілеттерін дамыту болды. Екі топқа бөлінген бүлдіршіндер «Асыққа тез жет», «Сандар жазылған кубиктерді жинау», «Фитбол» шарымен жарысу, «Жануарларды тез тап» атты эстафеталық ойындар ойнады.

Шара соңында балаларға арнайы дайындалған диплом мен алқалар тапсырылды. Ата-аналар атынан Жадыра Қазымқызы демеуші болып, балаларға ескерткіш сыйлықтар табыс етті.

С.ТӘЖБЕНТАЙ,

ата-ана.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521