Сүрінбейтін тұяқ жоқ, түзелуін айт

Аудандық дербес бөлім, мекеме басшылары қатысқан «Қылмыстық жазаны және қылмыстық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік көмек ұйымдастыру» жөніндегі комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары М.Сейтқалиев төрағалық етті.

Күн тәртібіне ұсынылған бірінші мәселе-аталмыш комиссияның 2018 жылы атқарған жұмыс қорытындылары жөнінде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ә.Сейлова хабарлама жасады.

Оның айтуынша, 2018 жылдың есепті кезеңіне Пробация қызметі бөлімшесінен 20 адамның тізімі келіп түскен.Пробация қызметі бөлімшесі есебіне тіркелгендер арасынан Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына 13 адам хабарласқан. Олардың бесеуі квота шеңберінде түрлі компанияларға тұрақты жұмысқа орналасса, екі адам тұрғылықты жерінен тұрақты жұмыс тапқан. Ал жұмыс іздеуші ретінде құзырлы орынға тіркелген бұрын сотталған бір азамат өзіне ұсынылған қысқа мерзімді кәсіби мамандық игеру курсынан бас тартқан. Сондай-ақ жұмыспен қамту орталығына тіркелмеген төрт азамат өздері сұрастыра жүріп, тұрақты жұмысқа орналасқан.

Бұдан әрі хабарламашы жұмыссыздар есебіне тіркелмеген адамдарға заңдылыққа сәйкес уәкілетті орынға тіркелуге, өз құқықтарын қалай қорғауға болатындығы жөнінде түсінік берілгендігін, ескерту хаттар жолданғандығын айтты. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша комиссия хатшысы Г.Төлегенова хабарлама жасап, 2019 жылға жасақталған жұмыс жоспарымен таныстырды. Осы қаралған мәселелер негізінде комиссия тиісінше шешім алды.

Н.ТЕЛЬМАН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521