Практикадан өтті

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2 курс студенті Гинатуллина Гүлназ Серікқызы Махамбет аудандық сотынан 2 апталық оқу практикасынан өткен болатын.

Ол соттың заманауи форматтағы жұмыстарымен, сондай-ақ электронды сервистермен танысты. Аудандық соттың төрағасы Б.Қадырғалиев заңнамадағы меншік құқығын қорғауды күшейту, сот төрелігінің жүктемесін оңтайландыру және заңнаманы одан әрі ізгілендіру бойынша өзгерістер туралы хабардар етті. Кеңсе меңгерушісі Г.Сағынова сот жүйесіндегі өткізіліп жатқан реформаларға тоқталып, бейнебайланыс жүйесі мен «TrueConf» мобильді қосымшасының қолданылуын, сот жұмысымен және бұл салада болып жатқан өзгерістермен таныстырды.Алдағы уақытта студентке тек сәттілік, жарқын болашақ тілейміз.

А.Қосымбаева,

аудандық соттың кеңсе бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521