Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік

Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну.

Отан - патриоттық сезімнің қайнар көзі. Бүгінде мектептерде бала мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап отан, туған жер тақырыбында ұстаздардан дәріс алады. Жасөспірімдердің өзінің Отан алдындағы азаматтық борышын өтеудегі алғашқы қадамы оның жергілікті қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеу учаскесіне тіркеліп, өзінің нағыз азамат болғандығын сезінуінен басталады. Жыл сайын қаңтар-наурызда тіркеу жылында 17 жасқа толатын ер азаматтардың барлығы тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру учаскелеріне тіркеледі. Тіркеуді азаматтарды әскери есепке қабылдау, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық санатын айқындау, білім деңгейін, алған мамандығы мен дене дайындығы деңгейін белгілеу мақсатында ұйымдастырылады және жүргізеді. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы деректер негізінде ауданның әскерге шақыру ресурстарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары бойынша алдын ала бөлуді, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша оқыту үшін кандидаттарды алдын ала іріктеуді жүргізеді және әскери және арнаулы оқу орындарына түсуге ниет білдірген адамдарды іріктейді.

Қазақстан Қарулы Күштерін нығайтып, отаншыл азаматтардың арқасында өз тыныштығын қамтамасыз етіп отырған егеменді ел. Бүгінде Қазақстан халқының тыныштығын кішкене кезінен ата-ананың тыңғылықты тәрбиесімен сусындаған, білікті мұғалімнен білім алған, жауапкершілігі мол, патриоттық сезімі өте жоғары азаматтар қамтамасыз етіп отырғанда еш алаңсыз, айбынды өмір сүруге толық құқығымыз бар.

А.ӘШІМОВА,

Махамбет ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау тобының келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жөніндегі қызметкер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521