Ортақшылға да осындай спорт кешені керек

Күні кеше Махамбет ауданының Ақжайық ауылында сыйымдылығы 160 орындың су жаңа спорт кешенінің ашылу салтанаты болып өтті.

Осы айтулы күнге орай ауылдастарын құттықтап, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, жерлесіміз Бақтығожа Салахатдинұлы арнайы келіп, Ақжайық халқына ақ тілегін арнап кетті. Бұл игі бастаманың басы-қасында болып, ғимарат құрылысының уақтылы аяқталып, халық игілігіне берілуін тікелей қадағалаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өзі басқа да мәртебелі қонақтарды бастап келді.

7

7

7

2017 жылдың қыркүйек айында құрылысы басталып, биыл толықтай қолдануға берілген кешеннің ішінде спорт залдары мен баскетбол, волейбол, гандбол, кіші аяқдоп алаңдары бар.

7

7895

7

Жаңа ғимараттың салтанатты түрде лентасын қию рәсімі ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақтығожа Салахатдинұлы мен Махамбет ауданының құрметті азаматы , спорт ардагері Жылқайдар Сұлтановқа табысталды. Сонымен қатар осындай мерейлі күннің қарсаңында ҚР Білім беру саласының үздігі Қазихан Тұраров атындағы кіші аяқдоптан жасөспірімдер арасында өткен аудандық турнирдің қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарды облыс әкімі Н.Ноғаев пен мәжіліс депутаты Б.Ізмұхамбетов марапаттап, ауылдың спортсүйер жастарына ақыл-кеңестерін айтып, ақ батасын беріп, қашанда салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

«Ақжайықтың төрінен бой көтерген осындай спорт кешенін енді Ортақшыл ауылынан да ашылғанын күтеміз»-, деп өз сөзінде Б.Салахатдинұлы облыс әкімі Н.Ноғаевқа ұсынысын айтты.

А.Сатаева

Сурет:автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521