Қоғамдық қауіпсіздікті көздейді

Атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2019 жылғы 10 сәуірден бастап республика аумағында атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіледі.

Акция Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы     № 266 бұйрығымен бекітілген заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларына қатаң сәйкестікте өткізілуі тиіс делінген. Мемлекет азаматтардың өз еркімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш  заттарға сыйақы белгілеп отыр. Бұл азаматтар аймақтық полиция бөлімінде қабылданады.

Акция кезінде төленетін сыйақы

 

1-санат           

2-санат

3-санат

МРП

2 405

100%

70%

30%

Иір ойықты автоматтар

252 500 теңге

176 750 теңге

75 750 теңге

100%

Иір ойықты винтовкалар мен карабиндер

126 250 теңге

88 375 теңге

37 875 теңге

 

50%

Иір ойықты пистолеттер мен тапаншалар

101 000 теңге

70 700 теңге

30 300 теңге

40%

Тегіс ұңғылы атыс қарулар

75 750 теңге

53 025 теңге

22 725 теңге

30%

Жарақат салатын қарулар

25 250 теңге

17 675 теңге

7 575 теңге

 

10%

Әрбір граната, мина, жару құрлысы және артиллериялық снаряд

 

17 675 теңге

 

 

7%

Жарылғыш заттардың әрбір 1 000 граммы үшін

 

      15 150 теңге

 

 

6%

Иір ойық қару патрондарының 5,6 мм-ден жоғары әр бірлігіне

 

72,14 теңге

 

 

0,35%

Иір ойық қару патрондарының 5,6 мм-ден әр бірлігіне

 

21,95 теңге

 

 

0,115%

 

Заңсыз сақталған атыс қаруларын оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды, өз еріктерімен өткізген азаматтар әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылудан босатылады. Республиканың  аумағына контрабандалық жолмен әкелінген атыс қаруын, оқ-дәрілермен жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға қабылдау фактілерін болдырмау мақсатында кедендік бақылау, шекара қызметі органдарымен бірлескен шаралар қолдануда.

Табылған және анықталған жарылғыш заттарды әркім өздігінен тасымалдамай, кез келген полиция бөлімдеріне немесе 102 телефонына хабарлауды сұраймыз.

Махамбе ауданының полиция бөлімі тел: 2-20-73, 2-11-32, 102, 87024779247.

Р.Карткужаков,

аудандық  полиция бөлімінің   азаматтық және қызметті қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы,  полиция майоры

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521