«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы сайланды

«Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалының кезектен тыс XXV конференция өтті.

Басқосуда конференцияның күн тәртібіне қойылған 3 мәселе қаралды.

Тарихи маңызға ие жиындағы бірінші мәселе бойынша «Нұр Отан» Махамбет аудандық филиалы партиясы төраға- сының орынбасары Р.Әженов партияның Махамбет аудандық филиалы төрағасы ретінде Ж.Ахметовты ұсынып, Елбасы тапсырмаларын орындау- да талмай қажырлы еңбек етуге тілектестік білдірді. «Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалының төрағасы болып Жәрдемғали Бахуұлы Ахметов сайланды.

– Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың өзi төраға болып табылатын «Нұр Отан» партиясы елiмiздегi көшбасшы партия екенiн баршаңыз бiлесiздер. «Нұр Отан» партиясы бiрiншi кезекте халықтың хал-ахуалын жақсартуға қызмет жасап келедi. Партияның алдымызға қойып отырған мiндеттерiн мүлтiксiз орындауға бар күшiмдi саламын. Сенім білдіріп, сайлағанарыңызға көп рахмет! - дедi партия төрағалығына жаңадан сайланған Жәрдемғали Бахуұлы.

Одан әрі күн тәртібіндегі екінші және үшінші мәселелер бойынша «Нұр Отан» партиясы филиалының жанындағы Саяси кеңестің құрамына және Саяси кеңес бюросының құрамына өзгерістер енгізілді.

Б.СҮЙЕУОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521