ads_hero

Мерекелік шеруге 760 оқушы шықты

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай орталық алаңда «Балалар мен жасөспірімдердің» музыкалық ансамбльдері және оркестрлерінен құралған ерекше шеру ұйымдастырылды.

Оған барлығы балалармен жұмыс жасайтын 19 мекемеден, 760 оқушы қатысып, 26 коллонаны құрады. Шеруді өткізудегі мақсат – «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын іске асыру бағытында балаларға рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру, - дейді шерудің ұйымдастырушысы З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебінің директоры Э.Еспусинова.

e

2

3

4

a

k

t

k

e

a

k

a

b

 

c

t

z

o

n

Шеруге ауданға қарасты 17 мектептің озат та белсенді, өнер мен білімді қатар алып жүрген талантты оқушылары мен З.Ещанова атындағы өнер мектебінің, балалар мен жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының, спорт мектебінің, «Өнерпаз» мәдениет үйінің жанынан құралған «Әсем-ай», «Еркем-ай», «Нұр ару» бишілер тобының тәрбиеленушілері қатысты. Сән-салтанаты жарасқан шеруді З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебінің барабаншылар ансамблі бастап шақты.

Одан әрі шеруге қатысушы 25 коллона бірінен соң бірі алаңға шығып, өнерлерін ортаға салды. Салтанатты шарада аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлы балғындарды мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді.

Б.Сүйеуова

Сурет автордікі

Кенжегул

ads_hero