Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Махамбет ауданы әкімі аппаратының бастамасымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру (оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтер) мақсатында аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығында» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген сұранысқа ие тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, азаматтық хал-актілерін тіркеу, жер қатынастары, жұмыспен қамту және басқа да бағыттарда мемлекеттік қызметтер көрсететін ауданның жергілікті және аумақтық органдарының білікті мамандары қатысып, egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен жеткізді.

Жәрмеңкеге келушілерден басым көпшілігі жер телімдері, жұмыспен қамту,электронды цифрлы қолтаңба, мекен-жайы анықтама алу, жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттік, жылжымайтын мүлікті тіркеу құқықтары, электронды қызметтердің өзге де түрлері бойынша сауалдар көп түсті.

Аудан тұрғындарына брошюралар таратылды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521