Махамбеттіктер,өз отбасыңыздың амандығы үшін тікелей жауаптысыздар!

Қазіргі бүкіл әлемде болып жатқан жағдайды барлықтарыңызда көріп,біліп отырсыздар. Бұл аурудың салдары мен жұғу жағдайын да түсінетін кез болды.

Аурудың ең қиын жағдайы - тез тарауы және асқынуының көптігінде.Әзірге ауданымыз тыныш. Қазіргі жағдайда аудан бойынша мамандар жеткіліксіз. Бір инфекционист, бір реаниматолог бар.

Сондықтан полиция не қарап жатыр,әкімдіктен тәртіп қайда демей, әр отбасы өз бала-шағасына ие болып, үй жағдайында оқшаулануды өтініп сұрап, қаперлейміз.

Аудан бойынша халық саны 29-30 мың шамасында. Жаман айтпай жақсы жоқ. Облысымызда ауру көбейген жағдайда тіпті жағдай қиын болатыны сөзсіз.

Сондықтан қазірден бастап өз отбасыңыздың амандығы үшін тікелей жауаптысыздар. Жан-жақтан келген студент балаларымыз жоғары сынып оқушыларымызға шектеу қояйық.

Ойын алаңдарындағы балаларымызға ие болып, далаға жібермеуге тырысайық.

Қала мен екі орта қатынасы шектелді.

Дүкен, дәріханаларға бетпердемен бару керек.Соны сіздерге, әр анаға ескерткім келеді.

Балаларыңыздың,отбасыңыздың аманшылығы тек өзіміздің қолымызда.

Б.Сақтапова,

№4 учаскелік дәрігер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521