Махамбет ауданы орталығы залалсыздандырылды

Аудандық штаб тапсырмасына сәйкес, Атырау облыстық ветеринария басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы Махамбет аудандық ветеринарлық станса КМК мекемесі 26 наурыз күні кешкі 19.00-ден 22.00-ге дейінгі аралықта аудан орталығында залалсыздандыру(дезинфекция) жұмыстарын жасады.

d

dezin2703204

Махамбет аудандық ветеринарлық станса КМК басшысы С.Зұлқашев тың айтуынша, Махамбеттен шыққан атыраулық кәсіпкер 20 л хлорды туған ауылы үшін тегін берген көрінеді.

d

d

-Хлорды 2 тонна суға езіп, Махамбет ауылдық округінен бастап, «Ақниет», «Ислам» дүкендері, «Асылаида» сауда үйінен әрі аудандық сот, «Нұр Отан» ғимараттары, аудандық әкімдік алдын, тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолдарын, «Диана» дүкенінен әрі Д.Төленов мектеп-гимназиясы, «Берекет» мейрамханасына дейінгі аралықты залалсыздандырдық. Одан әрі «Жайық шұғыласы» көшесіне ойысып, «Айгүл» сауда орталығы мен «777» дүкеніне дейінгі аралықты қамтыдық. Дизенфекциялау жұмысына бөлімнің мамандары мен «ГАЗ-53» автокөлігі тартылды.

d

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521