Ұлттық рухты оятты

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлы даланың тарихымен таныстырып, руханиятты сақтауға арналған алты жоба ұсынылып отыр.

Кезінде «Мәдени мұра»-ақтаңдақтарды қалпына келтіріп, өшкенімізді жандандырса, «Рухани жаңғыру» ұлт тарихын таныстыратын даңғыл жол болды. Ал «Ұлы даланың жеті қыры» -ұрпақтарымыз мақтанатын, арғы тектерін әлемге батыл әрі айқын насихаттайтын төлқұжат. Бұл мақаланы алға ұстай отырып, Қазақстан тарихын тереңдетіп, қайта жазуға мүмкіндік туды. Кеңестік жүйеде ұлықтар мен байларды жамандап, батырларды балағаттап, арғы тегімізді теріс етіп оқытты.

Егемен ел болып, етек-жең, ес жиғалы өткенімізді түгендеп, тегімізді танып келеміз. Әр ру өз бабасын батыр етіп көрсетіп, өз атасын ақылман деп, ақсүйек пен қара сүйекке, қожа мен қараға бөліне бастағанымыз да шындық.

Елбасы айтқандай, «Тарихи сананы жаңғыртып, көтерілген мәселелерді ой елегінен өткізіп, терең зерделеу қажет». Әлемнің бүкіл архивтеріндегі өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатқан шындықтарға із салу керек. Оған жол бастайтын «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасы болмақ.

Ең ақыры Сиверс алмасы мен Регель қызғалдағының тарихи отаны- Қазақстан екенін дәлелдейді. Қазақ халқының өмір сүру дағдысы, тұрмысы, салт-дәстүрі жайлы білу, соны сақтап, кейінгіге үйрету –ұрпақтарымыздың парызы.

Р.ӘЖЕНОВ,

«Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521