ads_hero

Енді конкурсқа кез келген қатыса алмайды

«Өнерпаз» мәдениет үйінде «Мемлекеттік сатып алу қағидаларындағы өзгерістер» тақырыбында семинар өтіп, оған мекеме, ұйым, кәсіпорындар есепшілері, ауылдық округ әкімдері, аудандық әкімдіктің экономика және бюджеттік жоспарлау, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бас мамандары, экономистері қатысты.

Алдымен сөз алған Атырау облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Гульфарам Ғұбайдоллақызы мемлекеттік сатып алу жөніндегі соңғы өзгерістер туралы айтып, залдан қойылған сауалдарға жауап берді. Басқарманың инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы Бекмұханбет Арманұлы да сатып алу, инфрақұрылымды дамыту мәселелерін сөз етті. Ал облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының әлеуметтік нысандарды дамыту бөлімінің бас маманы Рүстем Нұрланұлы конкурс өткізу, әлеуметтік нысандарды дамыту жайын қозғады. Залдан «орташа жөндеуге не жатады?» деген сауалға бас маман оған жолдарды жөндеу кіретінін, оны жасаушы мекеменің рұқсаты болмаса, оны тексеру қажеттігін еске салды. Бақсай ауылдық округінің әкімі Қ.Мажиев «тазалыққа орай мекемемен келісім-шартқа мамыр айында отырғанын, алайда олар дұрыс тиісті жұмысын атқармағандықтан сотқа беріп отырғанын айтып, осы мәселенің дұрыс-бұрыстығын сұрады. Мекеменің атқарылатын жұмыс мерзімі үстіміздегі жылдың желтоқсан айына дейін екен.

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің есепшісі Н.Жардемова ИКИ бойынша сатып алуды өздері жүргізетіндерін, бұрын мердігермен, аудандық қазынашылық бөлімшесімен келісім-шартқа отырғандарын, енді қажеттілік болмағандықтан оны бұзуды жөн көріп отырғанын, өйткені, кәсіпкер үш жыл күтіп, ақыры есепшотына қаражат түспегесін өзі жасатып алғандықтан келісім-шартты бұзуды жөн санайды. Ол «Атырау-Жарық» АҚ филиа- лымен келісіп, өз қаражатына жарықты жүргізіп алған болып шықты. Сонымен қатар «әлеуметтік мекемелердің конкурсы 5-10 мекеме болсын неге 5 күн тұруы тиіс?», «Техникалық ерекшелік мерзімі қандай?» деген сауалдар түсті. Әлеуметтік мекемелер конкурсы сату-сатып алуда 5 күн тұрады. Мейлі ол 5-10 мекеме болсын бәрібір. Парламентте заң жобасы бар. Әр ұйым өз ұсынысын береді. Қабылданған заң жобасы ғана. Бірақ Парламентте ол әлі бекіген жоқ. Көбі келісімін беріп қойған. Техникалық ерекшелік сәйкес келмесе, ол тапсырыс берушілердің құқығы. Жаңа келісім-шарт жобасы бар. Оны бұзу орындамау болып табылады. Конкурс кезеңі осындай. Аудандық экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы Е.Құлмағамбетов конкурста мекемелер бірнеше айлап тұратынын, сот оны ұзақ уақыт қарайтынын, сот қарағанша жұмыс бітіп кетпей ме, бұл процесті шапшаңдатуға болмай ма?,-деген сұрақ қойды.

-Оны жеткізушіге айтқан дұрыс. Сот әлі қарай алмай жатыр. Мәслихат сессиясы күн тәртібінде алдын ала жоспарлау деген бар. Мұнымен конкурс уақытын үнемдеуге болады. Қыста бас- талатын конкурстар да бар. Мектеп және балабақшаларға күрделі жөндеу жұмыстары жазда өтуі тиіс. Ол 56 күн мерзімде. «Бұрын тазалыққа, тауарларға байланысты конкурсты өткен жылмен ұзартып жүрдік, биылғы жылы қалай болады?» деген сұрақ түсті. Ол жылдық сомадан аспауы керек, жұмыс порталға келіп түседі. Мерзімі асып кетіп жатса, оны 1 ай ішінде сотқа беру қажет. Мерзімі асқаны үшін міндетті түрде сотқа жіберу қарастырылған. Соңғы кездері жабдықтаушы мекеменің өзі ештеңені оқымайтын болды.

Бақсай ауылдық округі әкімі Қ.Мажиев «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша ауылдан 18 адамды жұмысқа қабылдамай отырғанын, оларға әлі келісім-шартын қолына бермегенін, олармен келісім-шартты үзіп, сотқа беруге бола ма?» деген сұрақ қойды. Оған алдымен жеткізушіге ескерту қажеттігін қаперледі. Жалпы күрделі жөндеуді сұрап отырған Қ.Ахмедияров атындағы орта мектеп. Жеткізуші келісім-шартқа сай 18 адамды жұмысқа алуы тиіс. Ол талаптарды орындамаса, тапсырыс беруші ретінде мектеп жеткізушіні сотқа берген жөн. «Техникалық ерекшелікті қайдан алады?» деген сауалға оны тапсырыс беруші өзі дайындайтынын, жаңа қағида бойынша мазмұнын мемлекеттік стандартпен көрсетуін қаперледі. Бір ауылдық округтің маманы «техникалық жөндеу, бетондық құрылыс жұмыстарын жүргізгенде дәнекерлеуші, плотник,слесарь, бетоншы, арматуршы, аргонды дәнекерлеушінің міндетті түрде лицензиясын(куәлік) сұрау керек пе? Егер жазатайым оқиғаларға тап болсақ, кінәлі болып шықпаймыз ба? Олардың лицензиясын сұрағанымды прокуратура тексерсе ше?» деп сұрады. Атырау облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінің басшысы Г.Джалмуханова «құрылыс, бетондық жұмыстардың рұқсатын міндетті түрде сұрау керектігін, артық нәрсе сұрау қателік болатынын айтты. «Сақтықта қорлық жоқ» деген. Қоятын талаптарыңыз болса, конкурс өткізу керек. Жалпы конкурс өткізген тиімді. Конкурс кезінде техникасы жоқ мекемелер мүлдем қатыспайды, шығып қалады. Тағы бір айтарым, келісім керек. Бірақ көрмей тұрып, ешкім келісімін бермейді. «Құрылыс-монтаж жұмыстарына 10 техника керек делік. Ал мен келісім-шартқа отырған мекемеде 10 техника жоқ болып шықты. Мекеме оны жалға алса, бола ма?» деген сұрақ та кездесті. Қазір конкурста ондай тармақты алып тастағанын, конкурсқа бәрі бар жеткізуші енетінін меңзеді. Аудан әкімінің орынбасары М.Жұмахметұлы облыстан келген меймандарға алғысын айтып, семинар жұмысын қорытындылады.

 А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

Super User

ads_hero