Бас жүлде — Талғатовтарда

Шаңырақтың шаттығы мен отбасының жарастығы - қоғамның негізі, мөлдір бұлақ бастауы екені хақ. Е.Ағелеуов орта мектебінде өткен «Мөлдір бұлақтан» отбасылық сайысы негізінен Елорданың 20 жылдығына арналды.

Сайыстың мақсаты — отбасын белсенді қоғамдық және мәдени қызметке тарту, отбасылық құндылық пен дәстүрлерді, салауатты өмір салтын бекіту, отбасылық көркем шығармашылықты дамыту, өскелең ұрпаққа эстетикалық және адамгершілік тәрбие беруде отбасы шығармашылығының рөлін арттыру болды.

Сайыс төрт бөлімді қамтыды. Бұл шараға 6-7 сыныптардан бірнеше отбасы қатысты. Барлық қатынасушылар өздерінің хал-қадірінше дайындықпен келгендерін көрсетті. Сәнді де мәнді өткен шараны қорытындылаған әділқазылар алқасы барлық отбасына өнерлері үшін рахмет айтып, түрлі номинациялармен марапаттады. Бас жүлдені 6 қазақ «б» сыныбынан қатысқан Талғатовтар отбасы жеңіп алып, аудандық сайысқа жолдама алды.

Б.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521