Банкомат алдындағы кезек шамадан тыс көбейді

Айдың басында халықтың жалақысы, зейнетақысы, жәрдемақысы қатар түседі. Осы уақытта әдетте кезек саны көбейеді.

Осы айда «төтенше жағдай кезінде бір аумаққа көп адам жиналмасын» деген тәртіп орнатылғанына қарамастан банкомат алдындағы кезек шамадан тыс көбейді.

b

Таң атпастан аудандық "Қазпошта" мен "Халық банктің" алдына аудан орталығы және ауылдық округтерден жиналған халықтың қарасы аудан әкімі аппараты қызметкерлері жүргізген түсінік жұмыстарынан кейін ғана саябырси бастады.

Бұл жөнінде аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрлан Қалиев:

-Аудан халқы ай сайын зейнетақы түскен мезгілде бонкоматтың алдына жиналып, топтасып тұрады. Бірақ, қазіргі ахуал, жағдай басқа. Мамандар да, мемлекет те негізсіз дабыл қағып отырған жоқ. Ең алдымен өзіміздің, содан соң өзгелердің денсаулығы үшін мейлінше сабырлылық, шыдамдылық танытып, тәртіпке бағынғанымыз жөн. Бүгін міне, сағат 3 жарымнан бері аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп Халық банк филиалының алдына жиналған халыққа түсінік жұмысын жүргізіп, ара қашықтықтарын белгілеп, кезекпен ақшаларын алып кетуге жағдай жасауға тырыстық. Мұндай кезек кез-келген азық-түлік дүкенінің алдында да болып жатыр. Оның барлығында қауіпсіздік шараларын сақтау, тұрғындардың жауапкершілігін көрсетеді. Аудан халқын төтенше жағдайға байланысты орнатылған тәртіпке түсіністікпен қарауға шақырамын, -дейді.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521