ads_hero

Бөбектердің қуанышында шек болмады

«Райхан гүлі» бөбекжайының «Балапан» тобында «Қош келдің, әз Наурыз» атты тәрбие шарасы өтті.

Шараның мақсаты – ұлық мерекенің қоғамда алатын орнын бөбектер санасына сіңіру.

Ертеңгілік сахнасы Т.Айбергеновтің «Келді көктем» әнімен ашылып, бөбектер бейнелеген «Күн мен түн» көрінісі, қырмызы қыздар, өнерлі ұлдар билеген «Гүлдер» биі мен «Батырлар» биі көрермен көңілінен шықты. Бөбектер орындаған «Көбелек», «Қошақан», «Топ, топ, балақан» әндері сәби жүрегінен шыққан, ертеңгі күнге деген үлкен үміттің, жарқын болашақтың куәсі іспетті тыңдаушысын бей-жай қалдырмады.

К.ОЖИҚОВА,

Таңдай «Райхан гүлі» бөбекжайының тәрбиешісі.

Super User

ads_hero