Ауыл тазалығына атсалысып жүрген азаматтарға құрмет көрсетілді

1 наурыз - "Алғыс айту" күніне орай "Аудандық мәдениет үйі" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен құттықтау шарасы өтті.

Ауылымыздың көркеюіне, тазалығына бір кісідей атсалысып жүрген азаматтар мен азаматшалар бұл күні құрметке бөленді.

280220_al

Махамбет ауылдық округі әкімі Б.Мыңбаевтың атынан А.Иманалин, Қ.Гумаров, Н.Жұманұлы, И.Айдынқызы, З.Салиева, К.Шапағатовалар «Алғыс хатпен» марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

a

"Маусымның қай мезгілінде болмасын дала жұмыстарында жүрген біздердің еңбегімізді елеп, ескеріп жатқандарына көп рахмет. Алға қарай да бірлесе ауылдың гүлденуіне үлесімізді қосатын боламыз" ,-дейді марапат иелері.

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521