ads_hero

Ата-аналар атсалысты

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 4 қазақ «в» және 4 орыс «а» сыныбында ата-аналардың белсене қатысуымен жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді.

Алдымен ит жылы шығып, балалармен қоштасып, өзінің ақ жарма тілегін арнады. Өзінің сарайында көңілді ән айтып, дөңгелене би билеп жүрген балаларды көрген мұз ханшайымы алғашында ашу шақырғанымен, сақ-сақ күлген сайқымазақтың әзілдері мен балалардың көңілді күлкілерін естігеннен кейін жүрегі жібіп, шырша тойын тойлауға рұқсатын береді. Аяз ата мен Ақшақарды күтіп тұрған балалар қол ұстасып келе жатқан аю мен Машаны көріп, таңқалып қалады.

Аяз атаның дорбасын арқалап алған аю, келе жатқан жолдарында аяз ата мен ақшақардың кездескенін, алайда тентек Машаның оларды шалып құлатқанын, екеуі естерін жинап, алған соң келетінін айтады. Оған дейін Маша балаларды жинап ойын ұйымдастырады. Ақыр соңында аяз ата, ақшақармен бірге доңыз жылы да келеді. Балалар ғана емес, ата-аналар да өз өнерлерін ортаға салып, кештің көңілді өтуіне атсалысты. Барша кейіпкерлерді сомдаған екі сыныптың ата-аналары мектеп пен ата-ана арасындағы байланыстың мықтылығын көрсетті.

Б.СҮЙЕУОВА,

ата-ана.

Super User

ads_hero