1411 қандай қызмет көрсетеді?

Азаматтарға арналған үкіметтік мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ, Қоғамның әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалының, Әлеуметтік – еңбек саласында, ақпараттық – кеңес беру қызметін көрсету басқармасының 1411 бірыңғай қысқа нөміріне қалалық және ұялы телефондардан тегін қоңырау шала отырып, Сіз:

-зейнетақымен қамсыздандыру;

-әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру;

-еңбек қатынастары;

-жұмыспен қамту;

-мүгедек балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға онлайн-психологиялық кеңес беруге өтінімдерді қабылдау мәселелері бойынша кеңес ала аласыз. Сонымен қатар байланыс–орталығына Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. электрондық почта және www.info.mintrud.kz web-порталы арқылы жүгіне аласыз.

Жұмыс іздеп жүрсіз бе?

Сіз 1411 нөміріне SMS-хабарламаны тегін жібере отырып, өз елді мекеніңіздегі бос жұмыс орындары туралы ақпаратты ала аласыз. Сұраудан кейін ұялы телефоныңызға сұратылған мамандық бойынша бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілердің байланыс ақпаратымен хабарлама жіберілетін болады.

SMS-хабарламаның үлгісі: *жұмыс*қаланың коды*мамандық# Мысалы: *жұмыс*7172*жүргізуші# *жұмыс*7282*мұғалім# *жұмыс*72834*медбике# SMS хабарламаны қабылдау және жіберу тегін. Әлеуметтік – еңбек саласында ақпараттық–кеңес беру қызметін көрсету жөніндегі басқарманың байланыс-орталығына сенбі және жексенбі, мереке күндерінен басқа, кез келген күні сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін хабарласа аласыз.

З.АМАНБАЕВА,

аудандық төлем орталығының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521