Татамидегі тартысты турнир

Мұнайлы өлкенің балғын дзюдошылары соңғы жылдары талай дүбірлі додаларда топ жарып жүр. Сыртта жүріп, қарсыластарына бет қаратпаған дзюдошыларымыз Атырауда ұйымдастырылған облыстың ашық турниріне де сақадай – сай жоғары дайындықпен келгендері белгілі.

Турнирге Атырау облысының барлық аудандары, сондай-ақ қала спорт мектептерімен қатар, көршілес Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарынан 400 спортшы қатысты. Осының өзі турнирдің атан белін майыстырар салмағы барын айғақтаса керек. Сонымен 2005-2007 жылы туылған жасөспірімдер түрлі салмақ дәрежесінде бақ сынаған тартысты турнир бірнеше күнге созылды. Осынау дүбірлі додада махамбеттік балғын дзюдошылар да жүлдегерлер қатарынан табылды. Атап айтқанда Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Қуанышкерей Нұрзат, Аяулым Елеуова, Марта Қанатова, Сапар Жаңыл сияқты дзюдошыларымыз жүлделі үшінші орыннан көрінді. Төрт жүз үміткердің арасынан шын жүйріктерді анықтау онша оңайға соқпағанын бағамдағандаймыз. Жеңісті жолдарыңыз жалғасын тапсын, жас спортшылар! демекпіз.

Е.ҒАЛИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521