Оқушыларымыз чемпион атанды

Атырау қаласында облыстық білім басқармасына қарасты дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен футболдан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Былғары доп – 2019» мектеп оқушыларының облыстық лигасы өтті.

Спорттық шарада Атырау қаласынан және Жылой, Мақат, Құрманғаз, Исатай, Индер, Махамбет аудандарының мектеп оқушыларынан құралған командалары бақ сынады. Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрама командасы топтық ойындарда Атырау, Жылой, Исатай аудандарының командаларын ұтып, финалдық бәсекеде Индер ауданының құрама командасын жеңіп, «Былғары доп - 2019» облыстық лиганың чемпионы атанып және республикалық жарысқа жолдаманы жеңіп алды. Команда жаттықтырушылары Ә.Идрисов пен А.Алдешов.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521