Мұхадия «ҚР спорт шеберлігіне үміткер» атанды

Тараз қаласында өткен тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионатынан Мұхадия Қуангереев жүлделі 3 орын алған екен.

17 команда қатысқан Қазақстан чемпионатынан тірек-қимыл аппараты зақымдалған 16 спортшы ішінен М.Қуангереев «ҚР спорт шеберлігіне үміткер» атағын иемденіпті. Сонымен қатар ол бұл чемпионатқа өзінің екі шәкірті Аружан Ғинаятова(Жалғансай) мен Айна Жайсаңбаеваны(Есбол) ерте барған көрінеді.

Шәкірті Айна жарыс додасына алғаш рет қатысса да тоғызқұмалақтан екі-үш дүркін чемпиондармен кездесіп, бақ сынасты. Ол жүлделі орын алмаса да жақсы ойын өрнегін көрсетіпті. Жүлдең құтты болсын, Мұхадия! Тек табыс биігінен көріне бергейсің.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521