Головкин «Канелоның» орнына басқа мексикалықпен айқасуы мүмкін

Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде «Канеломен» емес, басқа бір мексикалық боксшымен кездесуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы болып отырған Хайме Мунгия қазақстандық боксшымен жекпе-жек өткізуге талпынып жүр.

21жастағы боксшы тіпті GGG-дің санаты саналатын орта салмаққа өтуге әзір екенін айтқан. «Мунгия міндетті түрде орта салмаққа өтеді. DAZN боксшыларды өзінде ұстағысы келетіні жасырын емес. Бұған дейін Хайменің Хоганнан басқа таңдауы жоқ еді, ал енді Головкинмен жекпе-жек өткізіп, қомақты ақшаға қол жеткізбекші», - деп жазады Forbes журналисі Питер Кан.

Материал ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521