Ерасыл қола жүлдегер

Қызылқоға ауданы, Миялы селосында Қызылқоға ауданның «Құрметті азаматы», Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Спорт шебері Мәлік Сүлейменовтың жүлдесіне арналған 2004-2006, 2008-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық аймақтық ашық турнир өтті.

Оған Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау мен Атырау қаласынан, сондай ақ аудандық спорт мектептерінен командалар қатысып, бақ сынады. Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, 35 келі салмақ дәрежесінде белдескен Ерасыл Ұлықпан (О.Шонаев мектебінің 5 сынып оқушысы) ІІІ орынды еншіледі. Жаттықтырушысы Асет Қабенов шәкіртінің бұдан да биік белестерді бағындырарына үміті зор.

Б.Сапарова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521