Бейбіт күннің батырына арналды

Береке орта мектебі спорт алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік дәрежедегі III дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, бейбіт күннің батыры, полиция сержанты Ақымғалиев Шалқар Көшкінбайұлының рухына арнап, кіші аяқ доптан аудандық турнир өткізілді.

Жарысқа Алмалы, Береке, «Шахар» (Береке), Бейбарыс, Махамбет, Талдыкөл, Алға, «Дастан» (Ақжайық), Жол патрульдік полициясы (Атырау) командалар қатынасты. Жарыс қорытындысымен I орынды Алға командасы; II орынды Шалхар командасы; III орынды Алмалы командалары жеңіп алды. Сондай-ақ, Досхан Қабенов «үздік шабуылшы», Шыңғыс Ізімұлы «үздік қақпашы», Азамат Қайнарбаев «үздік қорғаушы» номинацияларымен марапатталды.

a

a

a

a

«Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Дархан Хасанов Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қ.Үмбетқалиевтің грамотасын иеленді. Жарыс жеңімпаздарына кубок, медаль, дипломдар табысталды.

Береке ауылы тұрғындары турнирдің өз дәрежесінде өтуіне ат салысқандары үшін ауыл жастарына, Береке орта мектебі директоры Л.Бағитоваға, мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі А.Абуталиевке алғыстарын білдірді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521