Атырауда таеквондодан Қазақстан спартакиадасы өтеді

2-4 тамыз аралығында Атырау қаласында таеквондодан Қазақстанның V жазғы Спартакиадасы өтеді.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. Елішілік турнирге 14 облыстан жалпы есебі 153 спортшы қатысуға өтінім берген. Жарысқа қатысушылар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Сарымсақов жоқ. Сондай-ақ, Жансель Дениз жарақатына байланысты турнирден сырт қалмақ.

Гран-при жүлдегері Руслан Жапаров та жарыстан босатылды. Ал жақында Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанған Смайыл Дүйсебай Атырау төрінде сынға түседі деп күтілуде.

BAQ.KZ

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521