Махамбет селосы, Абай көшесі 10. +7 (71236) 2-11-34 zhayk-shugylasy@mail.ru

Тарихсыз ел болмайды

Біз ұлы тарихымызды ұлықтай алмай, түпкі тамырымызға қазық байламай, жаһандану дәуірінің жалына жармастық.

Бұл қатерлі сында халықтың қорғаны, тарихи жады, асқақ рухы, берік болмысы екені рас. Тарихымызды толық түгендемей, нақты бағасын бермей, ұлттық жаңғыруға қадам басу әсте мүмкін емес. Қазір санғасырлық тарихымызды толық жүйелеу кезеңіндеміз. Осы бір жауапты миссияны ертеңгі уақыт еншісіне қалдырмай, шынайы зерделеуіміз қажет.

Әйтпесе тарихи санасы қалыптаспаған ұлттық иммунитеті әлсіз ұлттың жаһандану жалынына жұтылып кетері анық. Елбасы мақаласынан соң қазақ тарихы жаңа сипат алып, көкжиегіміз кеңіп, оң бетбұрыстарға бастайды деген ойдамыз. Ең бастысы, бастама көтерілді, енді оның іс жүзіндегі нәтижесі маңыздырақ болуы тиіс. Негізгі өзек Ұлы дала өркениетінің әлем тарихындағы орнын айқындауға бағыт сілтеді. Алдағы үлкен жұмыстар тарихи санамызды қайта түлетіп, шын мәніндегі «Рухани жаңғыруға» бастарына сенеміз.

Үнзира ШАДУОВА,

Қ.Ахмедияров атындағы орта мектептің директоры.

Super User

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?