Махамбет селосы, Абай көшесі 10. +7 (71236) 2-11-34 zhayk-shugylasy@mail.ru

Көпке ой салған мақала

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы барлық қазынамызды кейінгі ұрпаққа аманаттау еді.

Өзіміздің Сарайшықтағы жеті хан жатқан жерді, Махамбет бабамыз жатқан жерді, Мұрат Мөңкеұлы кесенесіне барып көргенде бабалардың жүрген ізі айқын көрінеді. Жалпы мен бұл мақаланы Ұлы Тәуке ханның «Жеті жарғысына» тұражақ деген ойдамын. Қазақта «Өлі жебемей, тірі байымайды» демей ме. Сонау 1972 жылдары мен Қаройда жатқан Махамбет Батырдың бейіті басына барып, зиярат етіп, дұға оқып, «Қаза» деген өлеңімді оқыған едім. Одан әрі «Малайсары» қорымында жатқан бабаларға арнап, екінші өлеңімді оқып, Индер жаққа барып қайтқан болатынмын. Қазақтың батыр-жыраулары мәңгі жасайды.

Әсіресе, «Қазақтың 100 шешен-биі» кітабын оқығанда бүкіл қазақ халқы тарихы алдыңнан өткендей болады. Осыларды ұрпаққа жеткізу, оны санасына жеткізе айту, аға буын мұны кейінгі ұрпаққа жеткізуі қажет. Мұның бәрі Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласында Президенттің бүкіл қазақ халқына салып берген, көкірегінде ұстайтын өшпес тарихы екені рас. Өз басым бұл санасыздың санасын оятатын, әр адамға терең ой салатын мақала деп білемін.

Әміржан МОЛДАШЕВ,

ардагер-ұстаз.

Super User

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?