Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен Алматы қаласында Астананың 20 жылдығына орай «Кітапхана –қоғамның көп функционалды, көп деңгейлі әлеуметтік мәдени институты» атты бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтті.

Съезд жұмысы аясында отандық және шетелдік маман ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері өзара ой-пікірін алмаса отырып, бірқатар көкейтесті мәселелерді талқылап, маңызды шешімдер мен кітапхана саласының келешектегі стратегиясы жөнінде нақты ұсыныстар қабылданды. Аталған шара тек еліміздің кітапханаларына емес, сондай-ақ мәдениет және білім беру саласына да үлкен серпіліс әкелді.Еңбектері елене бермейтін, кітапханашы мамандар үшін бүкілқазақстандық кітапханашылар съезіне қатысу, қоғам қайраткерлері және шетелдік мамандармен жүздесу аса үлкен мәртебе екені белгілі.

Қоғамның жаһандану және рухани жаңғыру жағдайында кітапхана Президент Н.Назарбаевтың дамыған отыз ел қатарына кіру, сонымен қатар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларында атап өткен міндеттерін орындау үшін қоғамның тұрақты дамуының және жеке тұлғаның бәсекелестікке қабілеттілігін қалыптастырудың негізгі факторы , ақпаратпен білімге қолжетімді орталық ретінде айрықша рөл мен маңызға ие.

Кітапханалар дәстүрлі қызметтерді орындау мен жаңғыру стратегиясына сүйене отырып, келешекте өз қызметтерін жаңғыртуға бағытталып отыр. Бүкілқазақстандық кітапханашылар сьезінің тұжырымдамасында айтылғандай, ҚР мәдени саясатының тұжырымдамасын және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру үшін ҚР барлық кітапхана қоры толық және жедел түрде цифрлық түрге көшу қажет. Елімізде кітапхана қоры көбінесе тұрғындарды ақпаратпен қамтамасыз ету заманауи талаптарына жауап бере алмайды, моралды және физикалық тұрғыда тозған. Басылымдардың міндетті даналарымен қамтамасыз етілмеген, жоспарлы мемлекеттік қолдаудың баспа өнімдерін шығарып жатқан баспалардың бірыңғай тақырыптық типтегі жоспарының жоқтығы өз әсерін тигізуде.

Еліміздегі кітапхана ісі жағдайындағы кері үрдіс байқалады. Аймақтарда демо- графиялық және басқа да әлеуметтік –материалдардың көрсеткіштері төмендеуде. Кейбір өңірлерде кітапхана жүйесін оңтайландыру мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару органдары кітапханаларды тарату және жабу жұмыстарын жүргізуде. Қазақстанның электрондық кітапханалық –ақпараттық ресурстарын біртіндеп бірыңғай интеграцияланған жүйесіне біріктіру жүріп жатыр. Еліміздің кітапханаларынан үлкен ақпараттық ресурстар көлемі жинақталды, алайда, кітапханалар бір-бірінен оқшау түрінде жұмыс атқарады. Сондай-ақ кітапханалар ведомстволық тұрғыдан да бытыраңқы күйде. Кітапханадағы қызмет көрсетудің қалыптасқан дәстүрлі жүйесі жаңғыруды қажет етеді. Бүгінде ол оқырмандардың талабына жауап бере алмайды. Кітапхананы білім үйіне және ақпаратқа еркін қолжетімділік кепіліне, әлеуметтік және кәсіби бейімделуге жәрдемдесу орталығына,зияткерлік демалу және әңгімелесу орнына,қабілеттілікті, талантты, қоғамдық менмендікті жүзеге асыру ортасына айналдыру үшін пайдаланушыларға жаңа қызмет көрсету түрлерін таппастан және оларды енгізу мүмкіндігі жоқ екендігіне қарамастан көптеген дәстүлі және консерватиптік қызмет түрлерінің шектеулі жиынтығын ұсынуда. Еліміздің өңірлерінде, тұтастай кітапханаларда жоғары білімді кітапханашылар мамандығының тапшылығы сезілуде. Ақпарат нарығында бәсекеге қабілеттілік үшін тек жоғары білікті маман қажет. Қазіргі уақытта көптеген кітапханалардың ғимараттары оқырмандарға қызмет көрсету және кітап сақтау талаптарына сай еместігі көрсетілген. Осындай олқылықтарға қарамастан кітапханашылар қоғамда сұранысқа ие болу үшін қызмет барысында барлық күш-жігерлерін жұмсауда. Сондай-ақ кітапханаларды қоғамның көп функционалды, көп деңгейлі әлеуметтік-мәдени институтына айналдыру үшін қоғамның және мемлекеттің назарын аударуға талпынуда.

Ш.ИЗМАГАМБЕТОВА,

аудандық орталық кітапхана басшысы, съезд делегаты.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.