Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Жылма-жыл Жайық өзенінің өр суы тасып, үлкенді-кішілі су айдындарына сумен бірге қара балық тұқымдас балықтары уылдырықтарын шашуға кіріседі. Маусым айында өзендегі су деңгейі төмендеп, қайтқан сумен ірі балықтар уылдырығын шашып болғасын арна бойын қуалап, Жайық өзеніне қайтып оралады. Ал уылдырықтан пайда болған мыңдаған шабақтар ағынсыз бөлінген су айдындарында қалып қояды.

 

Махамбет ауданында Жайық өзенінің оң, сол жақ бетінде бөлініп қалған үлкенді-кішілі 20 су айдыны бар. Қазіргі кезде 2 су айдыны құрғақ күйде, қалған су айдындарында балық шабақтары қалып, тіршілік етуде. 2017 жылы ағынсыз өлі сулардың астында балықтардың тұншығу, қырылуын болдырмау, бөлім қызметкерлерінің, табиғат пайдаланушы ретінде балық тұншығу қаупі бар 15, 12 ауыл, Сорочинко, Бақсай, Петрушкино, Глухой, Қоржын су айдындарынан 688300 дана шабақ құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді.

Бүгінгі таңда су бетіндегі мұз қатуы салдарынан судағы оттегі азайып, балықтардың тұншығу қаупі туындап тұр. Оттегісіз біз бірнеше минут қана өмір сүреміз. Сол себепті мұз астындағы балықтарға да тіршілік ету үшін оттегі керек. Олар оттегіні жеткізіп, оларды тұншығудан құтқару мақсатында Махамбет инспекция бөлімінің қызметкерлері күнделікті жұмыс барысында мелорациялық жұмыстар ұйымдастырып, әр су айдындарына 1 дана ойық(мойна) көлемі 2х2 м болатын көптеген үкілер ойылады. Жасалған істің бәрі суасты балық шабақтарына оттегінің жеткілікті мөлшері қажеттігінен туындайды. Аудан көлеміндегі балықшыларға айтарымыз, балықтардың тұншығу қаупін болдырмау үшін балық аулау кезінде 1 үкі ойса, балыққа оттегі жіберу үшін тағы бір үкі ойса, артық етпес еді.

А.АЙМАҒАМБЕТОВ, Махамбет инспекциясы бөлімінің бас маманы.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.