Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Жеміс ағаштары мен жапырақты орман ағаштарының қауіпті зиянкесі, ол- карантиндік зиянкес жұпсыз жібек көбелегі.

 

Қабыршақ қанатты, жәндіктер отрядының тұқымдасына жатады. Қазақстанда тегіс таралған көбелектің еркегі ұрғашысынан түр-сипаты жағынан айырмашылығы бар. Көбелектің жұлдызқұртының ұзындығы 3-5 мм -6-7 см дейін өседі. Жұлдызқұрттардың 16 аяғы, денесі түкті. Қуыршағының түсі қою қоңыр, ұзындығы 20-30 мм. Көбелектің жұмыртқалары қыстайды. Көктемде ағаштың бүршіктері атқан кезде шығады. Олар ағаштардың жапырағын түгелдей жеп қояды. Сонымен қатар олар гүл шанақтары мен гүлдерді де зақымдайды.

Жаздың бас кезінде жұлдызқұрттар өрмек жіптермен шырмалған жапырақтардың арасында немесе қабықта борпылдақ пілләге оранып, қуыршаққа айналады. Жұмыртқаларын ағаштың сүңгегіне жабыстыра салады, үстін өздерінің бауыр түктерімен жауып тастайды. Карантиндік нысанның бір ерекшелігі, салған жұмыртқалары қыстың қатты аязына шыдамды келеді. Біздің ауданда жұпсыз жібек көбелегі шыққаны байқалмайды. Бірақ ұшып келуі, басқа жолдармен таралуы мүмкін. Жұпсыз жібек көбелегінің негізгі таралу ошақтары-орман алқаптары. Жұпсыз жібек көбелегінің жұлдызқұрттары даму кезеңі 35-50 күнге созылуына байланысты, ауа райының қолайсыздығынан орман алқаптарынан жақын ауыл ішіне ұшып, таралу мүмкіндігі жоғары. Аудан тұрғындарына айтарымыз, егер де карантиндік зиянкес жұпсыз жібек көбелегі пайда болған жағдайда әртүрлі механикалық және химиялық жолдармен күресуге болады. Салынған жұмыртқаларды күзде, қыста жинап, өртеген дұрыс. Ағаштардың қабығындағы жұпсыз жібек көбелегі салған жұмыртқаларын керосинмен «бүрку». Жұпсыз жібек көбелегінің жұмыртқа салған жерлерін анықтап, пышақпен қырып, әбден мыжғылап жою керек. Залалданған ағаш діңіне «ұстау белдігін» орнату. Ағаштардың қабығындағы жұпсыз жібек көбелегінің жұлдызқұрттары жайлаған ағаштарды инсектицидтермен бүріксе, артық етпес еді.

Қ.ДҮЙСЕНОВ, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-нің Махамбет аудандық филиалының агроном-энтомологі.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.