Зорлық-зомбылықсыз 16 күн

Республикамызда 2018 жылдың 25 қараша – 10 желтоқсан күндері аралығында «Отбасы негізгі қамқоршы» ұранымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізе отырып, халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні деп аталады.

Махамбет ауданы бойынша құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қабылдай отырып, дене жарақаттарын келтіру, соның ішінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жарақат келтіру фактілерінен зардап шеккен әйелдерге көмек көрсету мақсатында аудан көлемінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілуде.

Акцияның негізгі мақсаты – көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру болып табылады.

А.ЕЛЕШОВА,

Жергілікті полиция қызметінің ЮПТ-нің инспекторы,

полиция аға лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521