Жемқорлыққа жоламайық!

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес толассыз жүруде. Дегенмен, әлі де бұл қылмысқа баратындар саны азаймай тұр.

Жыл сайын мыңдаған адам сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті айрықша атап өтті. Күні кешегі халыққа Жолдауында қазақстандықтардың әл-ауқатының артуын көздеп, жалақы мен табыс көлемін ұлғайтатынын айтты.

Аудандық Статистика басқар- масының басшысы Құлманов Мәдениет Тәшекенұлы басқарма қызметкерлерінің қатысуымен жемқорлыққа қарсы күрес бағытында дөңгелек үстел өткізді. Алдымен сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыстар: қызмет орнын, билігі мен өкілеттігін пайдалану, лауазымды тұлғаның өкілеттігін пайдалану, заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысу, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі болу, пара алу, пара беру, бопсалауда арада жүру, қызмет орнында алдау, қызмет орнындағы әрекетсіздік пен немқұрайлылық жөнінде сөз болды.

Саяси сыбайлас жемқорлық деп ақша алып, мемлекеттік сатып алудың бюджеттік қаржысын заңсыз бөлу, түрлі мемлекеттік қызметтердің орындалуын тездету үшін пара алу, түрлі заң бұзушылықтарды жасыру үшін ақша бопсалау, қаржының депозит не облигация ретінде қаржы ұйымдарына жіберілуін және инвесторларға заңсыз түрде қолайлы жағдай жасауды айтамыз. Ал, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен қызметтер үшін тұрғындардан пара алу, заңның бұзылуын жасыру, түрлі рұқсаттамалар алу жатады.

Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа қылмыстық кодекске, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық саласына қатысты өзгерістер енгізілген болатын. Сол заң бойынша: қызмет орнын пайдалану 2000 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл, 4-8 жылға бас бостандығынан айыру;

билігі мен қызмет орнын асыра пайдалану 3000 АЕК дейінгі айыппұл, 5-10 жылға бас бостандығынан айыру; лауазымды тұлғаның өкілеттігін иелену 2000 АЕК дейінгі айыппұл, 75 тәулікке қамалу; заңсыз түрде кәсіпкерлік қызметке араласу 1000 АЕК дейінгі айыппұл, 4 жылға бас бостандығынан айыру; Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі болу 2000 АЕК дейінгі айыппұл, 3-7 жылға бас бостандығынан айыру; пара алу 50 пара көлеміндегі айыппұл 10-15 жылға бас бостандығынан айыру; пара беру 20 пара көлеміндегі айыппұл 6 жылға бас бостандығынан айыру; қызмет орнында алдау 2000 АЕК дейінгі айыппұл 3-6 жылға бас бостандығынан айыру; қызмет орнындағы әрекетсіздік 2000 АЕК дейінгі 4-8 жылға бас бостандығынан айыру; 371 немқұрайлылық 1000 АЕК дейінгі айыппұл, 5 жылға бас бостандығынан айыру. Жалпы жемқорлықпен күресу – еліміздің әр азаматының міндеті. Азаматтық міндетімізді орындап, қызметімізді адал атқарып, жемқорлыққа жоламайық дегім келеді.

Бұлбұл АЛЬПИЯРОВА,

аудандық Статистика басқармасының жетекші маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521