Жаз айларында билет тапшылығы неден туындайды?

«Жолаушылар тасымалы» АҚ билеттердің алдын ала сатылуы қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға 45 күн бұрын ерте алынатын жол билеттерінің тапшылығы туралы шағымдар көптеп түсуде. Көп жағдайда жолушылар билеттерді түнгі сағат 24:00-ден кейін іздестіре бастайды. Алайда, 45 тәулік бұрын сатылатын жол жүру құжаттары сатылымға таңғы сағат 07:00-де шығатынын естеріңізге саламыз.

Бұл уақыт қала маңы бағыттарына да тиесілі. EPAY.RAILWAYS.KZ сайтында электронды билеттерді рәсімдеу технологиялық үзіліс кезінде, яғни таңғы сағат 04:50 мен 05:50 аралғында тоқтатылады», - делінген «Жолаушылар тасымылы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сонымен бірге, жолаушыларға жаңа қызмет – Күту парақшасы ұсынылады. Бұл қызмет компанияға қарасты барша кассаларда жұмыс істейді. Керекті бағытта билет тапшы болған жағдайда жолаушы кассада күту парақшасына тіркелуі қажет. Айналымға билеттер түскен кезде жолаушының электронды поштасына хабарлама түседі. Жолаушы екі сағат ішінде сол билетті компанияға қарасты кез келген кассада сатып алуы керек.

Алдағы уақытта Күту парақшасы қызметі электронды билет сататын сайттарға да енгізіледі. «Ұлттық тасымалдаушы жол билеттерін тек ресми кассалар мен арнайы сайттарда да ғана рәсімдеуді ескертеді.

Алыпсатарлардан сақ болуларыңызды сұраймыз», - дейді компания өкілдері.

Материал ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521