Заңға енген өзгерістер

Аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі және аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын түсіндіру мақсатында аудандық прокуратураның мәжіліс залында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған кездесуді аудан прокуроры Н.Ешманов ашып, Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгендігі атап өтілді.

Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бәрінен бұрын әлеу­меттік қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған. Заңның негізгі жаңа енгізілімі – 2018 жылдың 1 шіл­десінен бастап 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топ мүгедектеріне күтім жасап жүрген тұлғаларға жаңа мемлекеттік жәрдемақының енгізілуі. Ол өмір бойына тағайындалады және мүгедекті күткен уақыт еңбек еткен жылдарына зейнетақы төлемін тағайындау кезінде еңбек өтілі ретінде саналады.

Сонымен қатар бүгінгі күні бала кезінен бірінші топ мүгедегіне мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 54 306 теңгені құрайды. Бірінші топ мүгедектері оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде қосымша медико-әлеуметтік көрсетілім мен қарсы көрсетілімге сәйкес оңалтудың құралдары және қызметтерімен қамтамасыз етілуде. Сондай-ақ, әлеуметтік қызмет көрсетуге тек мемлекеттің ғана емес, азаматтардың, отбасы мүшелерінің, жеке сектор өкілдерінің және ҮЕҰ бірегей қатысуын қамтамасыз ету бойынша «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына өзгерістер енгізілді. Бұл әлеуметтік қыз­меттерді көрсету, соның ішінде жеке сектор қатысуының кеңеюі есебінен сапаның жоғарылауына әкеледі.

Бұдан басқа әлеуметтік қамтамасыз ету туралы қабылданған заңға сәйкес Әлеуметтік қызметтер порталы құрылған болатын. Онда арнаулы әлеуметтік қызметтер алушылар және оларға әлеуметтік қызмет көрсету туралы дербестендірілген ақпарат қамтылатын болады. Ол табиғи қозғалысты және қызмет тұтынушылар мен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын мамандар құрамының өзгеруін ескере отырып, жүйелі түрде өзектендірілетін болады. Заңмен ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар мерзімдері өзгерген жағдайда әлеуметтік келісім-шартты ұзарту бөлігіне түзетулер енгізілді. Бұл тәжірибеде объективті жағдайларды тіркеуге мүмкіндік береді, онда әлеуметтік келісім-шарттың мерзімі ұзартылуы мүмкін. Ол аз қамтылған азаматтардың келісім-шарт бойынша өздерінің міндеттерін орындаудың тиімділігін арттырады. Сонымен бірге әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлем кестесі бойынша күн сайынғы қаржыландыруға өту бойынша өзгерістер енгізілді, бұл әлеуметтік төлемдерді алу мерзімін оларды бекіткеннен кейін 3 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік беретіндігі түсіндірілді.

А. ҚАРТЖАНОВА,

аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521