«Ұят болмасын!»

Осылай аталатын телебағдарлама жұртшылықтың есінде болар. Ақылбай шалдың рөлінде танымал актер Бекжан Тұрыс, оның келінін талантты актриса Айгүл Иманбаева сомдаған.

Менің курстасым, журналист Серік-Абас-Шахтың авторлық бағдарламасы «келінім, саған айтам, қызым, сен тыңда» дегендей, дастархан басында күрең шайды сүйсіне сіміріп отырып, талай ғибратты, тәрбиелік мәні бар мәселелерді ортақ әңгімелеріне сыналап кіргізіп, ұлтымыздың ұятын оятып еді. Кәдімгі ауылдың иісі аңқыған қазақы, текті ақсақалы мен ибалы келінінің арасындағы әңгіме, немересіне де «тәйт» деп еркелігін кешіріп, білместігін түсіндіріп отыратын бағдарламаның өн бойынан ұлттық өнеге, халықтық педагогика, жазылмаған дала заңының небір озық үлгі-өнегесін көруге болатын тамаша дүние еді. Күндердің күнінде айтарын айтып болды ма, білмеймін, Ақылбай ақсақалдың ат арбасына тиеліп, телеэкраннан жылыстап кетті. Қазіргідей еліктегіш, солықтағыш жаһандану заманында рухани жан дүниемізге сәулесін төгетін сондай бір бағдарлама керек-ақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521