Виртуалды сот жайлы білесіз бе?

Виртуалды соттарды құру – өңірдің жоғары мобильді және технологиялық жағынан ілгері халқын қолдау, сондай-ақ жалпы инновациялық потенциалды арттыру тәсілдерінің бірі.

"Виртуалды соттар" бүгінде халық үшін қолжетімді және тиімділігін көрсетуде. Оларды пайдалану азаматтарға басқа облыстарда, тіпті елдерде орналасқан соттарға сапарлары үшін қажетті қомақты қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов жасаған жұмыстар туралы облыстық соттар мен судьяларға «сан мен есеп емес, адам тағдыры алғашқы кезекте тұру қажет», - деді. Жоғарғы Сот төрағасы «жас судьяларды іріктеу талабын күшейтіп, қағазбастылықтан арылу үшін электронды жүйеге көшу" керектігін айтты.

Саладағы тағы бір түйткіл, соңғы кезде ағасы інісінің, әкесі баласының үстінен арыз жазатын келеңсіздік белең алған. Сондықтан мәселені сотқа дейін шешетін институттарды дамытқан абзал,» – деді. Цифрландыру бағдарламасына сай, азаматтардың үйлерінен шықпай-ақ немесе шетелде жүріп те сот отырыстарына онлайн режимде қатысуына мүмкіндік береді.

31 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚАРАЛДЫ

Махамбет аудандық сотымен 2018 жылдың 9 айында 389 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның 209 ісі шешім шығарумен, 66 ісі іс жүргізуден тоқтатумен аяқталған. Тоқтатылған істің 6 ісі талаптан бас тартқаны қабылданған, 38 ісі татуласу келісімін бекітумен аяқталса, 20 ісі медиациялық келісімді бекіту арқылы қаралған, оның 18 ісі судья медиатормен, ал 2 іс партисипативтік келісім қолданылумен аяқталған.

2018 жылдың 9 айында 35 адамға қатысты 31 қылмыстық іс қаралып аяқталған. 15 адамға қатысты 11 қылмыстық іс жүргізуден тоқтатумен аяқталған. Оның 13 адамға қатысты 9 қылмыстық ісі медиация тәртібімен аяқталған. 472 әкімшілік іс қаралып аяқталған. Оның 60 ісі медиация тәртібімен тоқтатылған. Жұмыс жоспарында көрсетілген шаралар толықтай орындалды.

Оның ішінде Махамбет аудандық сотының төрағасы Б.Кадыргалиев, сотқа дейінгі дауды реттеу өзара тараптардың татуласуы тақырыбында Ортақшыл ауылының тұрғындарымен, сондай-ақ «Билер кеңесі» мүшелерінің қатысуымен Таңдай ауылының тұрғындарымен «Татуласу: сотқа дейін, сотта» тақырыбында кездесулер өткізді. Аталған кездесулер халық- пен жақын болуда соттың ашықтығы, медиациялық немесе сотқа дейінгі татуласу келісімдеріне қол жеткізуге оң әсерін беретіні анық. Аудандық сотпен виртуалды сот, судьяның көмекшісі, татуласу: сотқа дейін, сотта заманауи талаптардың жүзеге асыру мақсатында көптеген жаңашылдықтар жасалуда.

Г.САҒЫНОВА,

аудандық соттың кеңсе меңгерушісінің м.а.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521